Логотип

Меню

Страницы

Статья

Құрметті кәсіпкерлер!

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Проблемалық несиелер қоры» АҚ сауда-саттықты өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Электрондық аукцион арқылы өткізілетін аталмыш сауда-саттықта Павлодарда, Павлодар-Омбы тасжолының бойында және радио зауытының маңында орналасқан үш нысан жүзеге асырылатын болады: жабық нарықтың тұрғын емес ғимараты, ТҚК тұрғын емес ғимараты және жалпы алаңы 1201,8 шаршы метрді құрайтын сауда үйінің ғимараты.
Сатылымға жататын мүліктің тізімі www.fpl.kz сайтында жарияланған.
«Проблемалық несиелер қоры» АҚ Павлодарлық «Атамекен» ӨКП-на өңіріміздің бизнес қауымдастығын ақпараттандыруға және кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыруға болысу өтінішімен хабарласты.
«Қор өкілдерінің пікірінше, аталмыш бастама облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативті әсер ететін болмақ», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
«Проблемалық несиелер қоры» АҚ 2012 жылы банк жүйесіндегі қарыз портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық міндетті орындауға қажетті «жұмыс істемейтін қарыздарды» теңгерімнен «тазалауға» көмектесу мақсатында құрылған болатын.
Ұлттық экономиканы сауықтыруда қор жұмыс істемейтін активтерді сатып ала отырып, банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуға болысады.
Қор активтерін жүзеге асыру үшін «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ-ның веб-порталында аукцион немесе тендер түріндегі сауда-саттықтар ұйымдастырылады.
Экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандыру үшін қормен сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту міндетін ҚР Үкіметі қойған.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы #РПППавлодар #seriksadvakasov #РегСоветПавлодар

Дата публикации
02 декабря 2021
Дата обновления
02 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы