Логотип

Меню

Страницы

Статья

Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып,

жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды.
         Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар:
1. жеке табыс салығы;
2. міндетті зейнетақы жарналары;
3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар.
         БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары - 1 АЕК, ауыл тұрғындары - 0,5 АЕК көлемінде төлейді.
БЖТ төлеушілері жұмысшы жалдай алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болуы тиіс. Сондай-ақ олардың бір жылғы табысы 1175 АЕК шегінен аспауы керек.
БЖТ кез келген банктің кассасында, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Дата публикации
08 ноября 2021
Дата обновления
08 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы