
2021 жылғы 22 қыркүйекте Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауданының Малиновка ауылында тұратын 1984 жылы туған Ресей азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, әйел заңнамада белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін он күннен асатын мерзімге кетуден жалтарып, халықтың көші-қон саласындағы заңнама талаптарын бұзды.
Бұл бұзушылықты көші-қон полициясы қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде анықтады.
Сот отырысында шетелдік азамат өз кінәсін мойындап, тіркелген жері бойынша Қазақстан аумағында болу мерзімін ұзартуға жүгінбегенін түсіндірді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 51 048 теңге сомасында айыппұл тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
Баспасөз қызметі»