
Шарбақты аудандық сотымен 1994 жылы туған Шарбақты ауылының жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамайды. Сот орындаушысының бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ол алимент төлеуден жалтарады. Атқарушылық құжат бойынша алимент бойынша берешек 670 346 теңгені құрайды.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады. Жұмысқа орналаспағанына байланысты алимент төлемеген.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына"