
2021 жылдың 14 қазанында Шарбақты аудандық сотымен 1965 жылы туған Алексеевка ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2021 жылғы 21 қыркүйекте Шарбақты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Шарбақты ауылында «ВАЗ 21099» маркалы автокөлігімен құқық бұзушының жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жолаушыларды тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанын анықтады.
Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, «ВАТСАП» мессенджері арқылы таксистер тобында Алексеевка ауылына дейін 1000 теңгеге алған клиентті тапқанын түсіндірді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 30629 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
Баспасөз қызметі»