
2021 жылғы 21 қазанда Шарбақты аудандық соты 1983 жылы туған Заборовка ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылдың 20 қазанында сағат 12 шамасында Шарбақты ауданының аумағында құқық бұзушы «Енисей» комбайнын басқарып жүрген. Полиция қызметкерінің мас күйін тексеруден өту туралы заңды талабына ол бас тартқан.
Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, медициналық тексеруден өтуден бас тартқанын түсіндірді.
ҚР Жол қозғалысы ережесінің 2.1.4-тармақшасының талаптарына сәйкес көлік құралының жүргізушісі ішкі істер органдары қызметкерінің талап етуі бойынша мас күйін куәландырудан өтуге міндетті.
Сот құқықбұзушыны ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады және оны 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
«Шарбақты аудандық сотының
Баспасөз қызметі»