Логотип

Меню

Страницы

Статья

Балалардың жүйке жүйесіне компьютер мен теледидардың әсері

Қазіргі заманда тұрмысқа дербес компьютер (ДК) күннен күнге көптеп еніп жатыр. Компьютерлеудің мәнісін екі сөзбен жеткізе салуға болмайды. Ауқымды ақпараттық алаң осы бір ақылды машиналарсыз мүмкін емес. ДК өндірісте болып жатқан көптеген процестерді жылдамдатады, сонымен бірге жеңілдетеді. Компьютер болса «ғаламтор» желісі арқылы әлемдік деңгейдегі ақпараттар алуға болады, сондай-ақ компьютерлік ойындар ойнап, өзінің бос уақытын өткізуге болады. Соңғы кезде мектеп және басқа оқу орындарында оқу үшін танымдық бағдарламалардың саны пайда болды. Қазіргі кездегі мұндай қоғамның жан-жақты дамуы компьютерлік технологияларсыз алға баса алмайды. Алайда, біз баланы жас кезінен бастап дербес компьютерде жұмыс істеуге баулып, біз әрдайым дұрыс жасаймыз ба? Қай жаста және қанша уақыт компьютер алдында отыруға рұқсат беруді, балалардың денсаулығында қандай бұзылулар немесе ауытқушылықтар болатынын барлығы біле бермейді.

Соңғы он жылда балалар неврологының қабылдауында неврозға ұқсас ауытқулармен баратын 5-10 жастағы балалар көбейіп кеткен. Әртүрлі ойын-сауық ойындарымен ойнап, компьютер және компьютерлік қондырғылармен таныс 4-5 жастағы балалар басқа да шағымдармен дәрігерлерге көп баратын болған. Балалар неврологына барғанда ата-аналардың балаларына қоятын бірінші шағымы – бұл ызақорлық, агрессивтілік, сезімдік психикасының аумалылығы. Кейін ұйқысының бұзылуы, ұйықтай алмау, ұйқысұрап сөйлеу, ұйқысұрап жүру қызметтерінің бұзылуы қосылады. Мұндай балалар мектепте мектеп бағдарламасын нашар меңгереді, жады төмендейді, зейіні бұзылады, мінез-құлығы бұзылады. Көп балалар мектепте сабақтарды босатады, тежелген және гипербелсенді бола бастайды. Клиникалық картинасынан ДК аздаған жұмыс істегеннен кейін немесе теледидар көрген соң логоневроз және тарту, бас ауру және бас айналу пайда болып немесе үдей түсуін байқауға болады. Компьютерлік ойындармен әуестену, азарт, тамақты дұрыс ішпеу, тәбеттің бұзылуына әкеліп соғады. Содан кейін асқазан-ішек жолдары тұсында аурудың асқынуы немесе дисфункцияның дамуы басталады. Көру мүшелеріне аса көп жүктеме жасау «құрғақ көз» синдромы, аккомодацияның түйілуі, алыстан көрмеу, ерте катаракты және басқа көз аурулары сияқты офтальмологиялық аурулардың пайда болуына немесе күшейе түсуіне ықпал ететінін атап айту керек.

Кешенді тексеру және емдеу (компьютер және теледидарлар көруді шектеумен) жүргізудің нәтижесінде көп жағдайда оң нәтиже анықталған. Балаларда ұйқы, жады және зейін біршама жақсарған. Мектептегі оқуларында жағымды нәтижелер байқалып, жұмысқа қабілеттіліктері артқан, мінез-құлықтары өзгерген. Окулистің бақылап қарауында болғанда көз симптоматикасында оң динамика байқалған.

Қорытынды:

  1. Дамымаған ми ДК-мен жұмыс істеу және теледидар көрген кезде ұзақ уақыт көзбен жарықты қабылдауға дайын емес.
  2. ДК-мен жұмыс істеу кезіндегі кері әсер жас келе әлсірейді.
  3. Жарық жүктемесінің ұзақ әсері аккомодацияның түйілуіне, ерте қырақтың дамуына, «құрғақ көз» синдромына әкеп соғады.
  4. Гиподинамия және қанайналымның бұзылу салдары сияқты басқа мүшелер мен жүйелердегі өзгерістерге де әкелуі мүмкін.
Дата публикации
07 октября 2021
Дата обновления
07 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы