
Мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі (бұдан әрі-жәрмеңке) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қатысуымен ZOOM бағдарламасы және Instagram әлеуметтік желісінде (sharbaqtyaqparat және opensharbaqty беттерінде) тікелей көрсетілім арқылы өткізілді.
Жәрмеңке Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі Байманқұлов Әсет Русланұлы, жер қатынастары бөлімінің басшысы Солтанов Сағадат Сембеевич, экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Гумаров Равиль Гильманович, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Шахметова Сымбат Омерзаковна қатысты.
Жәрмеңкеге қатысушылар үшін бөлім басшылары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, бөлімдер көрсететін қызметтердің түрлері, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы көрсетілген қызметтердің саны туралы, неғұрлым сұранысқа ие қызметтер туралы және мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-үдерісіндегі оң өзгерістер туралы ақпарат берді. Жалпы қамту саны 490 қатысушыны құрайды, оның ішінде ZOOM алаңында – 30, тікелей эфирде – 460.
Халықты қызықтыратын сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді. Оның ішінде келесі сұрақтар бойынша: «мен ауылда жер учаскесін қалай ала аламын және ол үшін не қажет, тұрғын үй алу үшін құжаттарды қайда тапсыруым керек, тұрғын үйге СЖТ алу үшін қандай құжаттар қажет және қандай мерзім».