
Шарбақты аудандық соты 1977 жылы туған Галкино ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылғы 5 маусымда шамамен 16 сағат 35 минутта құқық бұзушы кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысуға, сондай-ақ алкоголь өнімін сатуға тіркеусіз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға рұқсаты болмай, көлемі 0,5 литр "Пшеничная" маркалы арақтың бір бөтелкесін 1100 теңгеге сатты.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 30 629 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сонымен қатар, сот мемлекет кірісіне "Пшеничная"маркалы арақтың бөтелкесін тәркіледі.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына"