
Жеке көлікпен заңсыз айналысқан
Шарбақты аудандық соты заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 1987 жылы туған Шалдай ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылдың 14 маусымында сағат 17 шамасында құқық бұзушы рұқсатсыз жеке тасымалдаумен айналысқан.
Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Іс материалдарына сәйкес құқық бұзушы Шарбақты ауданы бойынша МКБ-да тіркеу салық есебінде тұрмайды.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 30 629 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына"