Логотип

Меню

Страницы

Статья

Павлодар кәсіпкерлер палатасының басшысы «Қазақстан алюминийі» АҚ-мен өңір компанияларымен қызметтестік сұрақтарын талқылады

Павлодар кәсіпкерлер палатасының басшысы «Қазақстан алюминийі» АҚ-мен өңір компанияларымен қызметтестік сұрақтарын талқылады
Серік Сәдуақасов бір топ павлодарлық кәсіпкерлермен және Палатаның өңірлік кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Ернар Айтжановпен Павлодар қ. алюминий зауытында болып қайтты.
Кездесу қатысушылары осы өнеркәсіп алыбымен павлодарлық компаниялардан тауарлар мен қызметтерді сатып алу перспективалары мен мәселелерін тілге тиек етті.
Павлодар өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов аталмыш кәсіпорынның президенті Роман Романовқа мүмкіндігіне қарай кезекті жобалар бойынша қажетті бұйымдар жеткізушілері мен серіктестерді анықтау кезінде Павлодар өңірінің өндірушілеріне басымдық беру ұсынысымен шықты.
«Қазақстан алюминийі» АҚ президентінің айтуынша, кәсіпорын өз қызметтерін жоғары деңгейде көрсетуге және жоғары сапалы өнім шығаруға дайын кез келген жеткізуші үшін бірдей ашық.
Зауыт үшін қызметтер жеткізушілерін таңдауда компания сайтында техникалық жағынан бірде-бір адам қол сұға алмайтын сатып алу жүйесі жұмыс істейді.
Дегенмен, Роман Романовтың сөзінше, осы кәсіпорынмен серіктестік қарым-қатынастарды құру үшін павлодарлық фирмалар сайтта көрсетілген баға жеткізушімен ұсынылған бағадан төмен болуына қарамастан, өз қызметтері мен тауарларын ұсына отырып, зауыттың сатып алулар сайтында өз ұсыныстарын жиі қалдырып отырулары тиіс.
Келіссөздер барысында алюминий зауытының президенті павлодарлық «ТПБ Агромир» ЖШС-іне қызметтестік жөніндегі ниет туралы шартты жасау ұсынысымен шықты. Аталмыш шарт аясында кәсіпорынға осы ЖШС-імен шығарылатын өнім жеткізілімін қарастыруға болады.
Бұдан соң Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры С.Сәдуақасов өңірлік кеңес мүшесі Е.Айтжановпен кәсіпорынның өндірістік процесімен танысып шықты.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#РПППавлодар
#seriksadvakasov

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы