Логотип

Меню

Страницы

Статья

Шарбақты ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау маманының 2021 жылғы 8 айдағы жұмысы туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сұраныстың жыл сайын ұлғаюымен оларды көрсету сапасын тиісінше бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, жүргізілген тексерулер мемлекеттік қызметтер көрсету саласында да, тікелей қызметте де проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді.

2021 жылға сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, экономика, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын қамтитын 8 ішкі бақылау іс-шарасы жоспарланған. Қазіргі уақытта 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында 290 заң бұзушылық анықталды.

Анықтама ретінде: мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу – 29, стандарттарда белгіленбеген құжаттарды талап ету – 170, құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде қызметтер көрсету – 5, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін бұзу – 57, ақпараттық жүйеге деректерді уақтылы енгізбеу – 23, дұрыс емес есептік деректерді ұсыну – 4, жылына кемінде бір рет есептерді көпшілік талқылаудан өткізуді бұзу – 2.

Заңнаманы бұзуға жол берген мемлекеттік мекемелердің мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту-4, сөгіс-1).

Бұл ретте, егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыратын болсақ, анықталған бұзушылықтардың статистикасы 2020 жылмен салыстырғанда (992 (2020 жылы – 1106 бұзушылық) - 3,4 есеге төмендеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық мемлекеттік қызметті дәріптеу бойынша өткізілген түсіндіру іс - шараларының саны – 61 (оқыту, жәрмеңкелер, акциялар, кеңестер, брошюралар тарату, әлеуметтік желілер – 141, БАҚ-та-3). Халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту - 6444 азаматты құрады.

Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Павлодар облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалы курстар өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны – 24 маман (2020 жылы-26 маман).

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы