«Ашық АНҚ» порталында 2021 жылы 4 тамызда жаряланды.
Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы № 136/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.».
Шешім жобасында «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіздерді толықтыру бөлігінде ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті регламентіне өзгерістер енгізу көзделеді.
Шешім жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.