
Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленеді.
Бұл жобаның мақсаты Шарбақты ауданындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін белгілеу болып табылады.