
2021 жылғы 22 шілде «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданында мүгедектер катарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешім жобасы Казақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленеді.
Бұл жобаның мақсаты Шарбақты ауданындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.