
«Ашық НҚА» порталында 2021 жылғы 16 шілдеде орналастырылды.
Шешім жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы шешімнің мақсаты Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 114/33 «Шарбақты ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану болып табылады.