Логотип

Меню

Страницы

Статья

Оқып бақылау арқылы тәжірибе алмасты

 

         2021 жылғы 2 шілдеде «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауға дайындық жүргізу және өткізу бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға шақырылғандар санаты: учаскелік сайлау комиссия төрағасының орынбасарлары  мен хатшылары.                                              Бірінші модератор Ю.А.Масальская семинарға қатысушыларға сайлаудың елдегі саяси оқиға ретіндегі маңыздылығын атап өтті, содан кейін кезекті ауылдық округінің әкімдерін сайлауға дайындық жұмыстары және оны өткізу кезінде УСК қызметтерінің негізгі бағыттарын анықтады.                   АСК төрағасының орынбасары А.Ж.Касенова семинарға қатысушылармен сайлау учаскесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

         Ол тыңдаушыларға дауыс беру бөлмесін жабдықтау схемасын көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру бөлмесін жабдықтаудың ерекшеліктері туралы айтты.

         Модератор С.Е. Абулхаирова семинарға қатысушыларға кандидаттар 2021 жылғы 15 шілдеден бастап 24 шілдеде сағат 00.00-ге дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгіт жұмыстары туралы ақпарат берді. Ол сайлау учаскесі орналасқан жерде не болу керектігін және дауыс беру күні  тыйым салынған шараларды атап өтті. Сонымен қатар  сайлау учаскесіндегі бақылаушыларға тоқталып, олардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, оларды тіркеу күні және сайлау күні өзара әрекеттесуін тоқталды.

         А.С. Омарова іс-шараға қатысушыларына іс-тәжірибелер ұсынды, оларды шешу барысында өкілдер мен төрағалар дауыс беру күні туындауы мүмкін стандартты емес жағдайларды талқылады.

         Іс-шара соңында  қатысушылары ұйымдастырушы модераторларынан жеке кеңестер алуға мүмкіндік алды.

                                                                                              

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы