
2021 жылы 28 маусымда «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының аудиториясында Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауға дайындық және өткізу бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.
Оқытылып жатқандар: сайлау жұмыстарын ұйымдастырда белгілі тәжірибелері бар учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары.
Семинарға қатысушылар ауылдық округінің әкімдерін 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған тікелей сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін талқылады. Семинарда сайлау процесінің құқықтық негіздері мен сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру қарастырылды.
Сайлау кезеңінде және сайлау күні учаскелік комиссиялардың тиімді жұмысы үшін «аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау күні» іскерлік ойыны өткізілді. Сондай-ақ, дауыс беру бөлмесінің жабдықталуы мен безендірілуіне, ақпараттық стендке, тізімдерге қатысты мәселелер талқыланды.
Семинар модераторы учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктерін сауатты бөлу бойынша ұсыныстар берді.
Іс-шараның модераторы Ю.А. Масальская учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына учаскелік сайлау комиссияларының жоғары тұрған сайлау комиссияларымен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл әрекеттері айқындалды.
Төрағасы іс-шараға қатысушылардың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Іс-шара соңында УСК төрағалары Орталық сайлау комиссиясы ұсынған нысандармен - Қазақстан Республикасының ауылдық округтері әкімдерін сайлауға арналған құжаттармен танысты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар іс-шара модераторынан жеке дара кеңестер алуға мүмкіндік алды.