
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес кандидаттардың сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттарды қарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылған кандидаттары: Галкино ауылдық округінің әкіміне кандидат А.М. Крыкбаева, Орловка ауылдық округінің әкіміне кандидат О.Ю. Барабанова.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан түскен құжаттарға сәйкес, ауылдық округінің әкіміне кандидат О.Ю. Барабанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан алынған құжаттар бойынша Галкино ауылдық округінің әкіміне кандидат А.М. Крыкбаева Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейді.