
Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес кандидаттардың сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттарды қарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылған кандидаттары: Галкино ауылдық округінің әкіміне кандидат Радат Айдолда, Шарбақты ауылдық округінің әкіміне кандидат Ж.К.Жаров. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан түскен құжаттарға сәйкес, ауылдық округінің әкіміне кандидаттар Радат Айдолда және Ж.К.Жаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келеді.