
2021 жылы 3 шілдеде Ирина Владимировна Галлямова Орловка ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18.00 - де аяқталады.