
2021 жылғы 25 маусымда Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңдағы түзетуге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауыл округтері әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауыл округтерінің әкімі төрт жыл мерзімге, лауазымға Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жиырма бес жастан кем емес жаста тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқымен жалпыға бердей, тең, тікелей сайлау құқығымен жасырын сайлау кезінде сайланады.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңіндегі баяндамамен сайлау комиссиясының хатшысы А.С.Омарова сөз сөйледі.
Ол кандидаттарды үсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталатыны туралы, яғни 26 маусымда және сайлау өткізу күніне дейін он бес күн бұрын, яғни 9 шілдеде аяқталатынын хабарлады.
Әкімге кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алған соң басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 2021 жылы 14 шілдеде, сайлау күніне он күн қалғанда аяқталады.
Кадидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алған соң және жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады, яғни сайлау өткізген күнге дейін он күн бұрын 14 шілдеде басталады
Сайлау қорытындысы сайлау өткен соң үш күн мерзімнен кешіктірмей учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісінде белгіленеді.