
04.06.2021 жылы Шарбақты аудандық сотымен 1976 жылы туған Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
03.06.2021 жылы сағат 17.40 шамасында құқық бұзушы Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, мас күйінде, ауыл жолы бойындағы жаңа ауыл маңындағы орман алқабында "ВАЗ 21013"автокөлігін басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушыда жеңіл алкогольдік масаңдық деңгейі белгіленген.
Павлодар облысы полиция департаментінің процессинг орталығы бастығының 22.06.2012 жылғы жауабынан Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушыны 2 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Жүргізуші куәлігін ауыстыру және ЖҚЕ емтиханын тапсыру үшін құқық бұзушы жүгінген жоқ.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына»