
Шарбақты аудандық сотымен 1985 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2021 жылғы 17 мамырда сағат 12 шамасында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған құқық бұзушы Шарбақты ауылының Малайсары Тархан көшесінде оңтүстік бағытта "ВАЗ-21013" маркалы автокөлік жүргізуші, полиция қызметкерлеріне ұсталды.
Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылыққа дау айтқан жоқ. Ол кінәсін мойындады, өкініп, соттан қатаң жазаламауды өтінді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 102 095 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына»