
02.06.2021 жылы Шарбақты аудандық сотымен Қостанай облысының 1962 жылы туған тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
2021 жылғы 29 сәуірде сағат 10-00 шамасында "Шарбақты" шекаралық бақылау бөлімшесінде (автомобильдік) сотталушы Қазақстан Республикасының жалған жүргізуші куәлігін көрсетті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы қылмыстық істі дәлелдемелерді зерттемей, оны шақырмай және соттың қарауына қатыспай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхатты мәлімдеді.
Сот сотталушыны ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Оған 29 170 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Бұдан басқа, сот сотталушыдан 2654 теңге сомасындағы процессуалдық шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 14 585 теңге сомасындағы мәжбүрлі төлемді өндіріп алды.
Үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталушы өндіріп алынатын соманы өз еркімен төледі.
Үкім заңды күшіне енді.
"Баспасөз-қызметі
Шарбақты аудандық сотына»