
Шарбақты аудандық сотымен "Красиловское"ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. 2021 жылдың 07 наурызында сағат 18: 50 шамасында сотталушылар Красиловка ауылында орналасқан "МТС - Сервис" ЖШС боксының жұмыс орнына келіп, К-700 тракторы мен "Камаз"автокөлігінің қосалқы бөлшектерін ұрлады. ЖШС-ға 1 375 000 теңге сомасында материалдық залал келтірді. Сот отырысында ЖШС өкілі медиация тәртібімен келісім жасасуға байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінді, өйткені залал өтелді, сотталушыларға ешқандай шағымдар жоқ. Сот жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.