
Шарбақты аудандық сотымен 1983 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2021 жылғы 5 мамырда сағат 12 шамасында полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында Өзбекстан азаматын анықтады, ол 2012 жылғы 17 маусымда ҚР аумағына кіріп, осы уақытқа дейін ішкі істер бөлімінде тіркелмеген, осылайша транзиттік жол жүру ережелерін бұзған. Сот отырысында шетелдік азамат кінәсін толық мойындады. Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 30 628 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Баспасөз қызметі Шарбақты аудандық сотына»