Логотип

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Сосновка ауылдық округінің әкіміне кандидаты ТРЕТЬЯКОВ ЕВГЕНИЙ СТАНИСЛАВОВИЧ

Өмірбаян

 

1970 жылы 2 ақпанда Томск облысының Томск ауданына Ущерб ауылында дүниеге келген. 1993 жылы  Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі: 1993 жылдан 1994 жылға дейін  Шарбақты ауданы, Сосновка ауылы «Сервис» АҚ «Сибирь» МП инженер-бақылаушысы;

 1994-1995 жылдары Шарбақты ауданы, Сосновка ауылы  «Сибирь» АҚ аға диспетчері;

1995-1996 жылдары  Шарбақты ауданы, Сосновка ауылы «Сибирь» АҚ қауіпсіздік инженері;

1996-1999 жылдар аралығында  Шарбақты ауданы, Сосновка ауылы, «Сибирь» АҚ құрылыс алаңының бригадирі;

2004 жылдан 2007 жылға дейін  «Шарбақты ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әскери тіркеу бөлімінің маманы;

 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Шарбақты ауданы Соснов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы.

 

 

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:

 

Сосновский ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, мен ауылдық округ тұрғындары алдындағы орасан зор жауапкершілікті түсінемін. Ауылдық округтің халқы мен ауылдың проблемаларын біле отырып, мен әкім ретіндегі міндетімді өзімнің өкілеттілігім шегінде кәсіби басқару, ауылдың және азаматтардың мүдделерін қорғау, заңнама шеңберінде  туындаған мәселелерді ұсынуды қарастырамын.

Ауылдық округтің әкімі ретінде мен өз жұмысымды депутаттармен, қоғамдық өкілдермен және кәсіпкерлермен бірлесе әрекет жасауға,  ауыл өміріне белсенді қатысуға шақырамын.

Ауыл тұрғындарының өмір сапасына қанағаттануына көптеген факторлар әсер етеді, мысалы, әл-ауқаттың төмендігі, денсаулық, жұмысқа қанағаттанбау, жолдың нашарлығы және тағы басқалар.

Мен өз қызметімде келесі бағыттарды негізгі деп санаймын:

1) зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету;

2) кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, оқыту арқылы азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру;

3) шағын және орта бизнесті кәсіпкерліктің қызмет жасауы  және халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін гранттар мен несиелер алуға тарту;

4) кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларымен, кәсіпкерлермен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу;

5) ауыл жастарының мәселелерін шешу, жастарды спортқа тарту бойынша жұмысын күшейту;

6) ауданның әлеуметтік нысандарына (мәдениет үйлері, мектептер) жөндеу жұмыстарын жүргізу;

7) ауылдық округтің ауыл ішіндегі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

8) ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазартумен айналысамын.

Бұл менің Сосновска ауылдық округінің әкімі ретіндегі жоспарлы жұмысымдағы басшылыққа алатын  негізгі бағыттарым мен міндеттерім.

Дата публикации
17 мая 2021
Дата обновления
17 мая 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы