
Өмірбаян
1969 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Малиновка ауылында дүниеге келген. 1997-1985 жылдары Малиновка сегіз жылдық мектебін оқып бітірген.
1985 жылы Павлодар қаласындағы 50 жыл ССР атындағы совхоз техникумына оқуға түсіп, 1989 жылы зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
1989 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылған.
1991 жылы қызмет мерзімі аяқталған соң запастағы аға сержант әскери атағымен запасқа шығарылған.
1991 жылдан 1993 жылға дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданы Малиновка ауылының Большевик ұжымшары бөлімшесінің зоотехнигі болып қызмет атқарған.
1993 жылдан 1994 жылға дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты а. ПЧЛ жұмысшысы болып жұмыс істеген.
1994-2015 жылдары ҚР ІІМ Шарбақты ауданының Ішкі істер органдарында учаскелік полиция инспекторы, жедел кезекші, УҰИ бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған.
2000-2005 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды заң институтында «заңгер - құқықтанушы» мамандығы бойынша сырттай оқыған.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шарбақты ауданының статистика басқармасында халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы бойынша интервьюер лауазымында жұмыс істейді.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:
Сосновка ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде болуға шешім қабылдай отырып, мен ауылда бар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте болған кезеңде жинақтаған барлық дағдыларым мен білімімді жұмыста қолдануға ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламам ауыл тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді қамтиды;