Логотип

Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін қызметті алушының назарына!

2020 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы негізінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі белгіленген.

Объектілерге мемлекеттік қызметті Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. www.egov.kz, www.elicense.kz.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметті "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша да алады.

Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау беру туралы өтініш портал арқылы жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Құжаттар сәйкес келген жағдайда, 4 жұмыс күні ішінде объектіні санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге акті негізінде тексеру жүргізгеннен кейін 4 жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді, көрсетілген мерзімдерде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге есептік нөмір беру туралы растау не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет"порталының операторын хабардар етеді.

 

«Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бөлімінің басшысы Айкүмісова Б.М.

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Статистика

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы