Логотип

Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз лептоспироз

Лептоспироз – зооноздар тобына жататын жіті инфекциялық ауру, яғни адамдарға жұқтырудың көзі жануарлар болып табылады. Аурушаңдық жаз-күз маусымдылығына тән.
Лептоспирозды жұқтыру қалай болады?
Табиғатта аурушаңдық лептоспирлердің сақтаушылары ұсақ кеміргіштер мен шыбындар болып табылады: полевкалар, көртышқандар, сұр егеуқұйрықтар, кірпілер.
Сонымен қатар, инфекцияның резервуары ретінде ауылшаруашылық жануарлар болып табылады -ірі қара мал, шошқалар, сонымен қатар “үй” кеміргіштері – егеуқұйрықтар.
Ауру жануарлар ешқандай сыртқы белгілерді білдірмейді, олар ұзақ бойы сыртқы ортаға несеп арқылы лептоспираларды бөледі.
Адам лептоспирозды жұқтырады:
жұқпаланған жануарлардың несебімен ластанған су қоймаларында шомылған кезде және суды жұтқан кезде;
-ластанған тамақ өнімдерін қолдану кезінде;
-ашық су қоймаларында жуылған ыдысты немесе тұрмыстық заттарды қолданған кезде;
-қоздырғыш енген кезде (лептоспир)

-сілемейлі қабат пен терінің үстіңгі қабаттары арқылы, әсіресе жара болған уақытта, (қатынасты жолмен).
Аурудың белгілері
Лептоспирозбен жиі ауырады:
-жануарларды күтумен айналысатын жануарлар фермаларының қызметкерлері;
-ауылшаруашылық жануарларды суару орындарында шомылатын адамдар, және сұр егеуқұйрықтардың мекендейтін орындарындағы адамдар;
-балық аулаушылар;
-көкөністерді, жемістерді, ыдыстарды жууға ашық су қоймаларынан алатын бақша ұстайтындар.
Аурудың алғашқы белгілері жұқтырудан кейін алғаш 7-14 күн ішінде айқындалады. Кейде осы мерзімдер 2 күнге дейін қысқаруы мүмкін, немесе 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Ауру жіті басталады, қалтырау мен дене қызуының 39-40° С дейін көтерілуі байқалады. Жиі ретте науқастар ауырған күнді ғана емес, тіпті аурудың басталған сағатын да атайды. Бұл ауруға бастың және бұлшық еттің ауыруы тән, әсіресе аяқ бұлшықеттерінің маңында. Беттің маңы ісіңкірейді, қан тамырлары көрінеді.
Аурудың дамуы процессінде бауырдың, бүйректің, жүйке және тамыр жүйесінің зақымдануы анықталады. Лептоспироздың ауыр ағымы кезінде осы тәрізді бұзушылықтардың болуы түрлі науқастарда сары ауру белгісімен, немесе жіті бүйрек жетіспеушілігімен, не болмаса қан кетумен байқалады.
Лептоспирозбен науқастанғандар міндетті түрде инфекциялық стационарға госпитализацияға жатады.
Өзіңізді ауруды жұқтырудан қалай қорғауға болады?
- су қоймаларында шомылмау;
- көкөністер мен жемістерді жууға тек қана қанатылған суды пайдалану;
- “табиғатқа” шығу кезінде азық-түліктерді жабық ыдыста сақтау;
- балық аулау және жұмыс кезінде су өткізбейтін аяқ киімді кию.
      ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ САУ БОЛЫҢЫЗ!!!

 

         «Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»РММ

 

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы