
Шарбақты аудандық соты Шалдай ауылының 1987 жылы туған тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылғы 14 ақпанда Шарбақты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Шалдай ауылында "ГАЗ 3110" маркалы автокөлігімен құқық бұзушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жолаушыларды тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанын анықтады.
Сотта жүргізуші кінәсін мойындап, қосымша табыс табу үшін жеке тасымалдаумен айналысатынын түсіндірді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 30 629 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»