
Ағыбай Қойшыбайұлы 1972 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Торайғыров атындағы педагогикалық институтын «математика және информатика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы - Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша;
2013 жылы-Инновациялық Еуразия университетін «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша тәмамдады.
Өзінің еңбек жолын 1988 жылдан 1990 жылға дейін Павлодар қаласындағы №3 гимназия-интернатының Пионер тәлімгері, кейін тәрбиешісі болып бастады.
Институтты бітіргеннен кейін - 1995 жылдан 1999 жылға дейін Павлодар қаласы, №3 гимназия - интернатының математика және есептеу техникасы пәнінің мұғалімі.
1999 жылдың ақпанынан 2003 жылдың маусымына дейін Ақсу қаласы Куйбышев орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, содан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2003-2006 жылдары - Ақжол ауылдық округінің әкімі, «Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Ақсу қаласы, Ақжол ауылы.
2006 жылғы тамыздан қыркүйекке дейін-Ақсу қаласы, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі.
2006-2012 жылдары – «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің консультанты, одан кейін бастығы.
2012 жылдан 2014 жылға дейін - ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, кейін Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ.
2014-2016 жылдары-облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары.
2016-2018 жылдары-Ақтоғай ауданының әкімі.
2018 жылдан 2020 жылдың наурызына дейін - Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысы. 2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы сәуірге дейін - Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.
2021 жылғы 15 сәуірден бастап - Шарбақты ауданы әкімінің экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары.