
2021 жылы 9 сәуірде сағат 17.00-де Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Хмельницкий ауыл тұрғындарымен жергілікті қоғамдастықтың
жиналысы карантин талабына байланысты онлайн режимінде өтті.
Күн тәртібіндегі Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Хмельницкий ауылындағы «Восточная» көшесін «Шығыс» көшесі, «Степная» көшесін «Сарыарқа» көшесі, «Октябрьская» көшесін «Желтоқсан» көшесі, «Новоселов» көше қиылысын «Өркениет» көше қиылысы деп қайта атау және «Абая» көшесін «Абай» көшесі деп транскрипциясына өзгерту енгізу
бойынша ұсыныстар оң шешімін тапты.
Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты