
Көкжөтел - ұстамалы жөтелмен көрініс беретін, тыныс алу жүйесінің қауіпті жұқпалы ауруы. БДҰ-ның деректері бойынша, елдерде жылсайын шамамен 60 млн адам көкжөтелмен ауырады, шамамен 1 млн балалар көз жұмады, сәйкесінше бір жасқа дейінгі балалар.
Таралу жолдары
Жұқпа науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғанда ауа-тамшы жолы арқылы беріледі. Науқас, аурудың белгілері пайда болған күннен бастап және әрі қарай аурудың нағыз өршіген сәтінен 30 күн аралығында сыртқы ортаға жұқпаны таратып, қауіпті болады. Ананың антиденелерімен байланысты туа біткен иммунитет қалыптаспайды. Науқаспен қатынаста болған, екпе алмаған адамның жұқпаны жұқтыру мүмкіндігі 90% құрайды. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
Ағзада қандай өзгерістер болады?
Көкжөтел бактериясы тыныс алу жолдарының шырышты қабатын тітіркендіретін арнайы токсин бөледі. Нәтижесінде көк ет пен бронхтардың (бронхоспазм) бұлшық еті тарылып, ұстамалы жөтел дамиды.
Аурудың көріністері
Жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады (көбінесе 5-7 күн). Әрі қарай дімкәстікпен, азғана жөтелмен, мұрыннан су ағумен, дене қызуының субфебрильді (38С дейін) көтерілуімен сипатталады. Біртіндеп жөтел күшейіп, 2-ші аптаның соңында жөтелдің ұстамалары басталады. Ұстама кезінде баланың беті көгеріп, мойн тамырлары кеңейіп, көздеріне қан құйылып, тілі аузынан шығып, тілдің жүгені жиі жарақаттанады, сонымен қатар тұншығу дамып, тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Сырқаттың ауырлығына қарай ұстама тәулігіне 5 тен 50-ге дейін болуы ықтимал.
Асқынулары
Көкжөтелдің ауыр түрі ұзақ уақытқа созылатын оттегінің жеткіліксіздігіне, бас миы және жүрек бұлшық еттерінің қан айналымының бұзылысына алып келуі мүмкін. Көкжөтел тыныс алу жолдары арқылы пайда болатын пневмониямен және басқа аурулармен асқынуы мүмкін. Сирек жағдайда өте күшті жөтелден туындайтын ауыр асқынулар болады (миға қан құйылу, дабыл жарғағының жарылуы және т.б.).
Алдын алу
Көкжөтелдің алдын-алудағы жалғыз тиімді жолы - вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4, 18 ай және 6 жаста жүргізіледі.
Көкжөтелге қарсы вакцинаны шығарылғанға дейін бұл ауру балалар арасында өлімге әкелуден бірінші орында болды. Ал, вакцина кеңінен қолданыста болған уақыттан бастап (1960 жылдардың басында), көкжөтелден болған балалар өлімі 45 есеге азайған. Сонымен қатар әлемде, бүгіннің күннің өзінде балалар бұл инфекциядан көз жұмуда. Бірақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, олардың басым көпшілігі вакцинацияланбаған балалар.
«Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ