
2021 жылғы 18 наурызда «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 442/38 «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау мен транскрипциясын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.