
Шарбақты аудандық соты 1978 жылы туған Чигириновка ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылдың 15 наурызында шамамен 12 сағат 10 минутта көлік құралын басқару құқығынан айырылған құқық бұзушы Чигириновка ауылында "Лада 21214" маркалы автокөлікті басқарып, оны полиция қызметкерлері ұстады.
Сот отырысында жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылыққа дау айтпады, кінәсін мойындады, өкініп, соттан әкімшілік қамауға алмауды сұрады, өйткені оның тұрақты жұмыс орны бар.
Сот құқық бұзушыны ҚК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 102095 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»