
БЖЗҚ 2021 жылдың 17 наурызында "Ашық есік күнін" өткізеді»
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90%-дан астамын онлайн форматта көрсетеді – бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде және кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді алғаш рет БЖЗҚ сайтында, сондай-ақ мобильдік қосымшасында көрсетілген жеке кабинет арқылы да пайдалана бастаған салымшыларға мынадай қызметтерді: жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің дәрежесін
Ниет білдірушілердің барлығында үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 17 наурызда сағат 15.00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет (https://us05web.zoom.us/j/87015502248?pwd=LzkrVDhlcm5pb1dvREVXRUhlOTl5dz09). содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: (870 1550 2248) және event-кеңес паролін енгізу: (1414)
"БЖЗҚ "АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді" Ашық есік күні " күтеді!