
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 17 наурызда онлайн форматта "ашық есік күнін" өткізеді. Басты тақырып - " БЖЗҚ Онлайн-қызметтері. Үйден шықпай-ақ қызметтерді қалай алуға болады?».
БЖЗҚ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) пандемиясына қарамастан, 2020 жылы бірқатар шектеу шараларын қабылдағанына қарамастан, көрсетілетін қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15% - ға арттырғаны белгілі.
Көп жағдайда мұндай өсу қордың электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін қарау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т.б.
Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы қордың электрондық қызметтерін әзірше қолданбайтын немесе олар туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. БЖЗҚ мамандары іс - шараға қатысушыларға салымшы қандай қызметтерді онлайн ала алатындығы туралы айтып береді. Ол үшін не қажет? Сұрақтар туындаса, қайда жүгінуге болады?
Сонымен қатар, кездесу барысында БЖЗҚ мамандары Қордың салымшылармен өзара іс-қимылының барлық арналары туралы айтып береді, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша жеке консультация береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10.00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет (https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e841b600587f8561adf7b6731f3ff1b40). содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: (184 804 6855) және event-кеңес паролін енгізу: (1414)