
Шарбақты аудандық соты ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, газды қару мен патрондарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік істі қарады.
Шалдай ауылының тұрғыны тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының рұқсатынсыз "НУ-1108 TYPE"маркалы шаммен біріктірілген электр шоқысын сақтаған. Осылайша қаруды сақтау ережелерін бұзды.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, полиция бөлімінің рұқсатынсыз электрошокерді сақтауға тыйым салынғанын айтты.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл электрошокер зауыттық әдіспен жасалған азаматтық өзін-өзі қорғау қаруы санатына жатады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 40 838 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Электрошок құрылғысы мемлекет кірісіне тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»