
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 321- VI Заңына сәйкес қағаз нұсқасында жасалған еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ЕШЕАБЖ-не тіркеуге жұмыс берушіні міндеттейтін ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді.
Өзгерту 2020 жылғы 16 мамырдан бастап күшіне енді.
Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдағанда және онымен еңбек шартын жасасқан кезде жұмыс беруші еңбек шартын жасасу туралы мәліметті ЕШЕАБЖ еңбек шарттарын бірыңғай сақтау жүйесіне enbek.kz порталы арқылы енгізуге міндетті.
Электрондық түрде еңбек шартын жасасу уәкілетті органдарға өтініш берушіні жұмысқа қабылдаған кезде олардың еңбек қызметін растайтын құжаттардың көп мөлшерін ұсыну қажеттілігінсіз жеке тұлғалар туралы мәліметті жүйеден алуға мүмкіндік береді.