
2021 жылғы 10 ақпанда Шарбақты аудандық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс ресімдеу"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудан прокуроры Е.Сеитов, полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Мұқанов қатысты.
Төрағаның міндетін атқарушы С.Сәдуақас іс – шараны өткізудің негізгі мақсаты-Әкімшілік құқық бұзушылық туралы құжаттар мен істерді дұрыс ресімдеу мәселелерін анықтау және талқылау, сондай-ақ практикалық көмек көрсету екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында әкімшілік іс жүргізуді қозғауға уәкілетті органдардың қызметкерлері жол берген іс жүргізу бұзушылықтары, атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды сапасыз ресімдеу, адамдар туралы деректерді толық көрсетпеу, құқық бұзушылық мәнін дұрыс көрсетпеу, жиналған материалдары бар хаттаманы сот органдарына уақтылы жібермеу сияқты іс жүргізу бұзушылықтары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша полиция өкілдері ҚР ӘҚБтК талаптарын сақтау бойынша айтылған ескертулерді назарға алды.
Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына