
Іс-шараға төраға міндетін атқарушы С. Ж. Сәдуақас, прокурор А. Е. Ахметова, полиция бөлімінің өкілдері А. А. Мұқанов, т. ш. Балтабаев және аудандық аурухана өкілдері А. Негманова қатысты.
Төрағаның міндетін атқарушы С.Ж. Сәдуақас 2020 жылғы 18 шілдеден бастап "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі ‑ Кодекс) қолданысқа енгізілгенін атап өтті.
"Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1995 жылғы 07 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі ‑ заң) Кодекстің 276-бабы 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде күшін жойды.
Кодекстің 171-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, емделуге мұқтаж деп танылған, психикасы, мінез-құлқы бұзылулары (аурулары) бар, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты адамға қатысты, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және өз еркімен емделуден жалтарған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша қабылданады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі "алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу" АІЖК-нің 39-тарауы "психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауруы) адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу"деген атаумен жаңа редакцияда жазылған.
Төраға м.а. өтінішті жіберген кезде адамның қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін шарттардың бірін көздейтін заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, заңнама талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар қабылданды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар айтылған ескертулерді назарға алды.
Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына