
Шарбақты аудандық сотымен бұрын сотты болған 1990 жылы туған Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
2020 жылдың 13 қарашасында сағат 13 шамасында сотталушы материалдық қиындықтарға тап болып, жолай келе Шарбақты ауданының Сосновка ауылына келді. Ленин көшесіндегі үйге келіп, ол күш қолданып, терезе жақтауынан шыны шешіп, пәтерге кіріп, 12 000 Ресей рублі, 120 еуро және 1500 теңге сомасындағы ақша қаражатын ұрлады.
Сот талқылауы басталар алдында сотқа сотталушы мен аудан прокурорының арасында жасалған кінәні мойындау туралы процестік келісім келіп түсті.
Жәбірленуші сот отырысында жасалған келісімнің шарттарымен келісетінін көрсетті. Залал оған толық көлемде өтелді.
Сот сотталушыны ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сот сотталушыдан сараптама жүргізгені және жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлеп төлем жасағаны үшін іс жүргізу шығындарын өндіріп алды.
Үкім заңды күшіне енді.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»