
Алименттерді өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін Шарбақты аудандық соты 1968 жылы туған Шарбақты ауылының жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
Құқық бұзушы Шарбақты аудандық сотының кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жалақының және (немесе) өзге де табыстың барлық түрінен 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамайды. Сот орындаушысының бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ол сот шешімін орындаудан жалтарады.
Сот отырысында алимент төлемеген адам кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды өтінді. Жұмысқа орналаспағанына байланысты алимент төлемеген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»