
Шарбақты аудандық соты 1991 жылы туған "Вигис" ЖШС жұмысшысына қатысты әкімшілік істі қарады.
2021 жылғы 17 ақпанда сағат 18 шамасында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған құқық бұзушы Шарбақты ауылы бойынша 9 Май көшесімен батыс бағытта "ВАЗ 21074" маркалы көлікті жүргізген.
Сот отырысында жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылыққа дау айтқан жоқ. Ол кінәсін мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 102 095 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Әкімшілік іс қаралған күні құқық бұзушы өз еркімен айыппұл төледі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
"Баспасөз қызметі
Шарбақты аудандық сотына»