Логотип

Меню

Страницы

Статья

Шарбақты ауданының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында заңсыз ағаш кесу анықталды

Шарбақты аудандық соты "Ертіс Орманы" МОТР ММ Садық орманшылығының инспекторына қатысты әкімшілік істі қарады.

2021 жылғы 29 қаңтарда құқық бұзушы орманшылықтың балансында тұрған "МТЗ -1221" тракторында Садықащы орманшылығының № 79 кварталында ерекше қорғалатын аймаққа кіріп, "Орал" маркалы бензопила көмегімен "қарағай"тұқымының 6 құрғақ ағашын кесіп өтті.

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орман бөлімінің мамандары "Ертіс Орманы" МОТР ММ мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде заңсыз кесілген ағаш анықталды.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындады. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 61 257 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот мемлекет кірісіне зензаваны тәркіледі.

Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.

Қаулы заңды күшіне енді.

"Баспасөз қызметі

Шарбақты аудандық сотына»

Дата публикации
24 февраля 2021
Дата обновления
24 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы