
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 9-бабы 1-тармағына сәйкес бейбіт жиналыстар мамандандырылған орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, басқа жерлерде бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Заңның көрсетілген бабының 5-тармағында пикет өткізуге тыйым салынған орындар (объектілер, аумақтар) айқындалған.
Осылайша, пикеттеуді басқа жерлерде жүргізуге жол беріледі және осыған байланысты осы шешімге өзгеріс енгізу қажет.
Шешім жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.