
Аталған жоба «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Күші жойылды деп танылған шешім Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында қабылданды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі « Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 72 бұйрығымен.
Осыған байланысты, Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы «2020 жылға арналған Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 235/70 шешімінің жобасы жоғарыда көрсетілген шешімнің күші жойылды деп тануды көздейді.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.