
Осы жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шарбақты аудандық мәслихатының шешімі «Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 237/71 шешіміне өзгерісті енгізу туралы» жобасы 2021 жылғы 12 ақпанда «НҚА ашық» порталында орналасқан http://egov.kz